Елорданың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған "NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020" дебат турнирінде біріншілікке таласады.
"Дебат ойындарына Нұр-Сұлтанның 16 жоғары және 35 арнаулы орта оқу орынының студенттері қатысады. Пікірсайыс тақырыптары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, Абай Құнанбаевтың 125 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Пікірсайыстың мақсаты - жастардың өзекті тақырыптарды талқылап, аналитикалық және сыни ойлай білуіне тарту. Сайыс ZOOM бейнеконференция сайтында онлайн өтеді", деп хабарлады "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы.
24-25 қазан аралығында турнирдің келесі кезеңі өтеді. Оған осы кезең жеңімпаздары қатысады.