Жоба жеңімпаздары өз мамандықтары бойынша кәсіпорын басшыларынан жұмысқа орналасуға шақыру алады.
«Қазақстн Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының республикалық кезеңі басталды. Жоба талантты жастарды қолдауға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған.
Үздік студенттер 20 қазанға дейін жалғасатын онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Ол үшін жоба сайтына кіріп, дауыс беру қажет.
Байқау қатысушыларының басым бөлігі «Мехатроника», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер», «Web-дизайнер», «Дәнекерлеуші», «Техник-электроншы», «Супервайзер», «Құтқарушы», «Электр жабдықтарын монтаждаушы» және т.б. мамандықтар бойынша білім алып жатыр.
Колледж түлектерінің шамамен 70%-ы диплом алғаннан кейін бірден жұмысқа орналасса, қалғандары көбінесе жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатыр.