Елорда • 16 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда №54 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертеңнен бастап №54 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz Елорда инфоға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда №54 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

"17 қазаннан бастап "Болашақ көшесі – "Арнау" ТК" бағытымен жүретін №54 бағдардың қозғалыс бағыты өзгереді. Енді ол "Көктал" ТА Күршім, Жаңақоныс, Кенжин көшелерімен (2 бағытта да) қатынайды", делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Айта кетейік, Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді.