Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Алимент төлемеген Павлодар облысының тұрғыны пәтерінен айырылды

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдан бастап борышкердің өз баласын асырауға алимент бойынша жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге қарызы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алимент төлемеген Павлодар облысының тұрғыны пәтерінен айырылды

Павлодар облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, борышкердің банктік шоттарында ақша қаражаты және зейнетақы аударымдары болмаған.

"Сонымен қатар, борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілген. Алайда ол жеке сот орындаушысының барлық талаптарын мүлдем елемеді. Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыныс енгізді", дейді палатада.

Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 3 008 460 теңгеге сатылып, алимент бойынша 1,6 млн теңге мөлшеріндегі қарыз толық көлемде өтелді.