Сұхбат барысында М.Тілеуберді COVID-19 індетімен күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.
Тараптар 2020 жылғы тамызда бейнеконференция форматында өткен "Орталық Азия + Жапония" диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуетін ескере отырып, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі белсенді нығайту жолдарын айқындап, қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.