"Пандемия басталғаннан бері барлық мәдени мекемелердің жұмысы тоқтатылды. Шектеу шаралары мен іс-шараларды жеңілдету туралы шешім ВАК отырысында қабылданады. Ағымдағы және болжамды жағдайды ескере отырып, хаттамалық шешім шығарылады. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, киносфера қызметкерлерінің, прокатшылардың қатысуымен тағы да бірнеше кездесу өткіздік, сондай-ақ кинотеатр саласының қатысушылары болды. Нәтижесінде кинотеатрлар мен басқа да спорт нысандары жеңілдіктер мен салықтық жеңілдіктер түрінде ұсынылған қолдау шараларына қосылды", деді министр.
Сонымент қатар министр кинотеатрлардың қаржылық шығынын жабу үшін берілетін жеңілдіктер туралы айтып өтті.
"Шынымды айтсам, біз кинотеатрлардың жұмысын бастау алгоритмдерін жасадық, олармен сөйлестік, олар барлық сақтық шараларымен бірнеше рет жұмыс істеуге дайын болды. Бұл жұмысқа жауапты жергілікті билік органдары олардың жұмысын бастауға дайын екендіктерін хабарлады. Бірақ, өкінішке орай, эпидемияның өсім деңгейі жоғары. Елдің бас санитарлық дәрігері мен Денсаулық сақтау министрлігі кинотеатрлардың ашылуын ерте деп санайды. Біз эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және кинотеатрлардың ашылуына үлкен үміт артамыз.
Кинотеатрлар бүгінде 20 миллиард теңгеге дейін шығынға ұшырады. Сондықтан салықтық жеңілдіктер бойынша шаралар әзірленді", деді Ақтоты Райымқұлова.