Спорт • 20 Қазан, 2020

"Qazaqstan" мен "Qazsport" телеарналары Еуропа лигасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары 20-22 қазан аралығында УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Qazaqstan" мен "Qazsport" телеарналары Еуропа лигасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

Чемпиондар Лигасында 8 топқа бөлінген 32 клуб өнер көрсетеді.

Еуропа Лигасында 12 топта 48 команда ойнайды. 

"Qazaqstan" телеарнасында көрсетілетін Чемпиондар Лигасы ойындарының тікелей трансляциялары: 

20 қазан - ПСЖ (Франция) - "Манчестер Юнайтед" (Англия). Уақыты: 00:50

21 қазан - "Бавария" (Германия) - "Атлетико" (Испания). Уақыты: 00:50 

"Qazsport" телеарнасында көрсетілетін Чемпионда Лигасы ойындарының тікелей трансляциялары:

20 қазан - "Динамо" (Украина) - "Ювентус" (Италия). Уақыты: 22:45

20 қазан - "Челси" (Англия) - "Севилья" (Испания). Уақыты: 00:55

21 қазан - "Реал" (Испания) - "Шахтер" (Украина). Уақыты: 22:45

21 қазан - "Манчестер Сити" (Англия) - "Порту" (Португалия). Уақыты: 00:55 

"Qazaqstan" телеарнасында көрсетілетін Еуропа Лигасы ойынының тікелей трансляциясы:  

22 қазан - "Селтик" (Шотландия) - "Милан" (Италия). Уақыты: 00:50

"Qazsport" телеарнасында көрсетілетін Еуропа Лигасы ойындарының тікелей трансляциялары:

22 қазан - "Рапид" (Австрия) - "Арсенал" (Англия). Уақыты: 22:45

22 қазан - "Вольфсбергер" (Австрия) – ЦСКА (Ресей). Уақыты: 00:55