Аймақтар • 20 Қазан, 2020

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасын 3 жыл басқарған Ілияс Мұхамеджан қызметінен кетті. Ол 3 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы есеп беріп, қолдау көрсеткен облыс тұрғындарына алғыс айтты.

"Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетемін. Бірінші кезекте облыс тұрғындарына қолдау мен түсіністік танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді", деп жазды Ілияс Мұхамеджан.