Хурун ғылыми-зерттеу институты Қытайдың 2020 жылға арналған бай адамдарының тізімін жариялады. Онда қазір елде 878 миллиардер бар екенін көрсетеді, және де бұл өткен жылмен салыстырғанда 257 адамға көп. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Alibaba негізін қалаушы Джек Ма үшінші жыл бойы Пони Ма мен Чжан Шаншаннан озып, бірінші орынды сақтап келеді.
Институт төрағасы Руперт Хугеверфтің айтуынша COVID-19-ға қарамастан кәсіпкерлер алдыңғы бес жылға қарағанда осы жыл олар рекордтық деңгейге көтерілді.
Есепке сәйкес, тізімдегі адамдардың орташа жасы 55 жасты құрайды, ал 256 адам 40 жастан төмен екенін көрсетеді.