Қоғам • 21 Қазан, 2020

Қашықтан оқитын балалар арасында вирустың 145 жағдайы анықталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қашықтан оқитын балалар арасында коронавирустың 145 жағдайы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қашықтан оқитын балалар арасында вирустың 145 жағдайы анықталды

"Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 250 жағдайы тіркелді, оның 105 – кезекші сыныптарда оқитын балаларда. Қашықтан оқитын балалар арасында 145 жағдай анықталды", деді ол.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова соңғы аптада еліміздің 12 аймағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті. Өткен аптамен салыстырғанда республика бойынша сырқаттану 1,2 есе өскенін айтты.