Президент • 22 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздіктің ұрпағы – Отанымыздың ертеңі

2254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздік ең асыл, ең қымбат, ең киелі құндылығымыз екенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздіктің ұрпағы – Отанымыздың ертеңі

"30 жыл ішінде біз Елбасының сарабдал саясаты арқасында беделді әлеуеті мол мемлекет құрдық. Жетістіктеріміз аз емес. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Дегенмен, алдымызда ауқымды міндеттер мен биік мақсаттар тұр. Оның барлығына жоспарлы түрде қол жеткізе береміз. Мен айтқанымдай, келесі жылы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздіктің ұрпағы – Отанымыздың ертеңі. Еліміздің одан әрі дамуының қозғаушы күші – солар. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – егемендіктің бізге берген игілігін саралау және құндылығын бағалау мүмкіндігі. Біз барлық табысқа азаттықтың арқасында қол жеткіздік", дейді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент тәуелсіздік ең асыл, ең қымбат, ең киелі құндылығымыз екенін айтып өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы: "Қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттер мен ұлттар әлсіреп, егемендігінен де оңай айырылып қалуы мүмкін. Бұған кешегі тарих, бүгінгі әлем бедерінде мысалдар жеткілікті. Отанымыздың өсіп өркендеуі үшін қастерлі тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту – әрбір Қазақстан азаматының және барлық саяси күштердің абыройлы міндеті. Баршаңызға рақмет", деп кеңес отырысын аяқтады.