Экономика • 23 Қазан, 2020

ЕАЭО зергерлік бұйымдарындағы ортақ нарықтың бизнеске ықпалы бағаланды

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы 15 қазанда ЕЭК-тің зергерлік бұйымдардың, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттеу, сондай-ақ кедендік әкімшілік жүргізу салаларындағы шешімдерінің жобаларын қарады, деп  жазады Egemen.kz

ЕАЭО зергерлік бұйымдарындағы ортақ нарықтың бизнеске ықпалы бағаланды

Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесінің зергерлік бұйымдарды сынап көруге, талдауға және таңба басуға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу туралы шешімі жобасының РӘБ қорытындылары бойынша оны қолданысқа енгізу күніне қатысты айқындылықты қамтамасыз ету, салалық бизнес-қоғамдастықпен сынап көретін тастағы зергерлік бұйымдарды сынап көруге қойылатын талаптарды талқылау жөнінде қосымша консультациялар жүргізу, сондай-ақ ұлттық заңнамада зергерлік бұйымдарды талдауға іріктеудің өзге де жағдайларын белгілеу мүмкіндігін болдырмау ұсынылады.

ЕЭК Алқасының зергерлік бұйымдар өндірісіне қойылатын талаптарды бұзу тізбесін бекіту туралы шешімі жобасының РӘБ нәтижелері бойынша жұмыс тобы бұл тізбені уәкілетті мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу үшін ғана қолдану қажеттігіне назар аударды. Олай болмаған жағдайда зергерлік бұйымдардың өзара саудасы үшін кедергі жасалуы мүмкін.

Медициналық бұйымдарды техникалық сынақтан өткізу қағидаларының жаңа редакциясы жобасын қарау қорытындылары бойынша мұндай сынақтарды ерікті негізде өткізу кезінде стандарттарды қолдану жөніндегі тәсілдемені сақтау ұсынылды.

Жұмыс тобының отырысында Комиссияның Дәрілік препараттар өндірісін саралау мен валидациясына бірыңғай тәсілдемелер белгілеуді қамтамасыз ететін Одақтың тиісті өндірістік парктикасы қағидасына өзгерістер енгізу туралы, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз кемелерін кедендік төлемдер төлемей уақытша әкелуге мүмкіндік беру туралы шешімдерінің жобасы да қаралды.

Тимур Жақсылықов жұмыс тобы отырысының қорытындылары бойынша: "Комиссия шешімдерінің бүгін қаралған барлық жобасы тұтастай алғанда ЕАЭО-да бизнес жүргізу шарыттарын жақсартуға, біздің Одағымыздың шеңберінде ортақ тауар нарықтарын құру мен дамытуға бағытталған", деп атап өтті.​