Қазақстан • 23 Қазан, 2020

Тіл үйренудегі тәжірибелер ортаға салынған конгресс

314 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматыда Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» бірінші республикалық конгресі барысында еліміздегі этностардың жастары мемлекеттік тілді үйренудегі тәжірибелерін ортаға салды. «Отыз жылда қазақ тілін үйренуге не кедергі, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің жолдары қандай?» деген сауалдарға жауап бере отырып, рес­публика аймақтарынан келген делегаттар қазақ тілін туған тілдерінен артық меңгерудің қыр-сырымен бөлісті.

Тіл үйренудегі тәжірибелер ортаға салынған конгресс

Конгресстің ашылу бары­сында сөз сөйлеген Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төр­аға­сының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев «Бұл жиынды Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақ тілі баршаны біріктіретін, жас­тарды жақындастыратын тату­лық тіліне айналуға тиіс» деген сөзімен бастағым келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев был­тыр­ғы жылы халыққа арнаған Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» дей келе, мемлекеттік тіл мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керектігін қадап айтты. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға арналған Ұлы дала­ның ұлтаралық тілі» рес­публикалық форумын тұрақты ұйымдастырып келеді. Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асқан алғашқы форумға барлық об­лыстан қазақ тілін жатық бі­летін, күнделікті тұрмыста қол­­данып, мемлекеттік тілдің да­муы­на өзін­дік үлес қосып жүр­ген жүз­ден астам делегация келді. Нәти­жесінде, ұлт өкілдері жастарының арасында қазақ тілін жетік меңгергендердің көп­ті­гіне көз жеткіздік», деп атап өтті.

Келесі кезекте сөз алған Ақпа­рат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов «Ұлт­аралық татулықтың қа­зақ­стандық моделі туралы айт­қанда Тұңғыш Президент-Елба­сы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың ерен еңбегін ерекше атап өтуге тиіспіз. Сон­дай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретін­дегі рөлі күшейіп, ұлт­аралық қатынас тіліне айнала­тын кезеңі келеді» деген болатын. «Тілі бірдің – тілегі бір» деген халқымыз. Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігінен бастау алатыны белгілі» деп атап өтіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздегі этно­мәдени бірлестіктермен қашанда тығыз қарым-қатынаста байланыс орнатуға мүдделі екендігін жеткізді. М.Әзілхановтың айтуынша, 2014 жылдан бері этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Күні бүгінге дейін этнос өкілдерінің 81 пайызы оқыту курстарынан өтсе, 2011 жылдан бастап мемлекеттік тіл оқыту орталықтарында жарты мил­лионнан астам ел азаматтары тіл үйренген.

Республика өңірлерінен келген этнос өкілдерінің жас­тары қазақ тіліне деген құр­метін білдіре отырып, тіл үй­ре­ну­дегі өзіндік тәжірибелеріне тоқталды. Өзін «Әзербайжан отбасында дүниеге келген қазақ­пын» деп таныстырған Алма­ты облыстық «Огни Ала­тау» газетінің тілшісі Эмиль Кур­банов Талдықорған қаласының тумасы. «Бала кезімнен қазақша сөйлеп, қазақтардың ортасында өскендіктен, өзімді әзербайжан сезінген жоқпын. Сұраған адамға үнемі «қазақпын» деп жауап беретінмін. 3 жасымда қазақ балабақшасына бардым. Жоғары оқу орнына түсерде құжаттарымды қазақ тобына тапсырдым» деген Э.Курбанов атасының жер жәннаты Жеті­суға бауыр басып, бүгінгі ұрпа­ғымен Қазақстанға қызмет етіп жатқанын жеткізді.

 «Тіл меңгеруде әдістемелік топтамаларды жинақтау керек» деген ұсынысын ортаға салған Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет мектебінің бас­тауыш сынып мұғалімі, «Қазақ тілі сабағын меңгеруде үстел ойындарын қолдану» әдістеме­лік нұсқаулығын дайындаған Эльнара Таштанова тіл төңіре­гінде онлайн топтардың қа­жеттігін ұсынды. Ал Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель «Мемлекеттік қызметшілерді тіл үйрену үшін ауылға жіберу керек» деген ұсынысымен бөлісе келе, «Ту­ған елдің мемлекеттік тілін білу міндет. Ал қазақ тілі – ұлы даланың ұлтаралық тілі болатынына сенімдімін. Халқымыздың «Ынтымақты елде бақ тұрады» деген мақалы ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтқанымен ұштасып жатыр» деп атап өтті.

Тараз қаласынан келген жур­налист Виктория Трегубо­ва «Абайдың өлеңінсіз өмірім­ді елестете алмаймын» дейді. «Өзім­ді ұдайы «орыстың қа­зақ қызымын» деп таныстыра­мын. Қазақ ауылында өсіп, қа­зақ мектебін бітіргендіктен, мем­лекеттік тілді жетік білемін. Ана тіліміздің мәртебесін арттыруда Ассамблея мүшелері болып қазақ тілі арқылы жет­кен жетістіктерімізді көрсет­кенде тіл үйренушілердің қата­ры көбейеді» деп сенім білдірді. Со­нымен қатар Тараз қала­сын­дағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева, «Кас­пий» университетінің ректоры, «КУЯБ» этномәдени бірлес­ті­гінің мүшесі Зульфия Таипова, Алматы облыстық «Туған тіл» татар-мәдени орталығының жетекшісі, «Жаңғыру жо­лы» республикалық жас­тар қозғалысы аймақтық штабы­ның төрағасы Руфина Усанова, Түркістан облысы, Корей этно­мәдени бірлестігінің мүшесі Саби­на Пак, Іле ауданы, №18 Қараой орта мектебінің мұға­лімі Валентина Талюс, өзін Қы­зылорда облысының қызымын деп таныстырған Светлана Крюгер, «Қазақстан халқы Ассам­блеясы жанындағы Нұр-Сұл­тан қалалық «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы төр­ағ­а­сының орынбасары Наргизам Мах­му­дова, тағы басқалар тіл үй­ре­нудегі әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

Жас делегаттардың жүрек­жар­ды пікірлеріне ризашы­лық­тарын білдірген жазушы, С.Елубай, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Қ.Иса, «Ал­маты» телеарнасының бас дирек­торы Н.Жалауқызы, тағы басқа­лар мемлекеттік тілдің қол­да­ну аясын кеңейту, тіл мәр­те­бесін арттыру жолдары туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Конгресс қатысушылары ар­найы үндеу қабылдап, қазақ зиялыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі қыз­­ме­тін ілгерілетуге, оның осы ба­ғыттағы жобаларын – «Даналық әліп­песі» және «Абай» интерак­тивті кешен­дерін енгізуге, «Қазақтану» және «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы, «Мә­міле» қазақ тілі клубтары және тағы басқа жобаларды іске асыруға атсалысып, қолдау көрсетуге шақырды.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше