Қоғам • 26 Қазан, 2020

Елордада "Отбасы – бақыт мекені" жеңімпаздары анықталды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған "Үздік жас отбасы" жалпықалалық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада "Отбасы – бақыт мекені" жеңімпаздары анықталды

Байқауға елорданың 100-ге жуық жас отбасы қатысты. Үш кезеңнен тұратын іріктеу кезеңі онлайн режімінде өткізіліп, 10 отбасы финалға өтті.

"Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау. Ережеге сәйкес жарыс төрт кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар "Бұл сайыста неліктен біз жеңуіміз керек?" деген сұраққа жауап бере отырып, видео презентация дайындады. Іріктеу кезеңінен өткен 80 отбасы мессенджерлердегі жалпы чатқа қосылды және оларға келесі кезеңдерге тапсырмалар берілді.

Екінші кезеңде "Birgemiz" жобасы аясында қатысушылар волонтерлікпен айналысты. Үшінші кезеңде "Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында эссе жазу қажет болды. Қазылар алқасы жазбаша жұмыстардың сауаттылығына және мазмұнына баға берді", деді жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Соңғы жаңалықтар