Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттары пайда болады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарына арналған кезекті семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттары пайда болады

Семинар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша Жамбыл облысы ТЖ департаментінің базасында өтті.

Тренинг барысында оқитындар орталық жаттықтырушысымен және қызметкерлерімен бірлесіп ұшудың қол режімін және "DJI Pilot" мамандандырылған БҚ-да басқарудың ерекшеліктерін ұшу алдында баптауды жүргізді;

"Pix4d Capture" және "CTRL+DJI" бағдарламалары арқылы автономды режімде ұшу жоспарын қарастырды;

ықтимал қауіпті маневрлерді пысықтады;

"DJI Assistiant 2", "AIR map" және "UAV Forecast" қосалқы бағдарламалық қамтылуы бойынша жұмыспен танысты;

ұшуды бастау кезіндегі ұшқыштардың негізгі қателіктерін және ұшу кезіндегі негізгі сақтық шараларын пысықтады;

ҚР аумағындағы әуе қозғалысын реттеу саласындағы заңнаманы зерделеді; "Pix4Dmapper" деректерді ұшудан кейінгі өңдеуді қамтамасыз етудің Талдамалық бағдарламасымен танысты;

Талас өзені арнасының үлгісінде рельефтің және егжей-тегжейлі ортофотожоспардың  цифрлы моделі әзірленді.

Тренингтің нәтижесі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға, жоғары сапалы ортофотожоспарларды даярлау.