Президент • 27 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвес­тиция тарту мәселелері туралы баян­далды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Дос­мұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәсе­­лелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпи­демиялық ахуалды қатаң бақы­лауда ұстауды тапсырды.