"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі
Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз.
Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.
Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.
Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", делінген Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы шешімге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше
«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Медицина • Кеше
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорда • Кеше