Парламент • 11 Қараша, 2020

Ертең Сенат отырысы өтеді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Сенат отырысы өтеді

Күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған
"1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңыныңжобасы.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңыныңжобасы (бірінші оқылым).