Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Павлодар облысында бір мектеп карантинге жабылды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында бір мектеп карантинге жабылды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген. Оның 23-інде індет белгілері бар.

"37 бала қашықтықтан білім алды, ал 24 бала мектепке барды. Сонымен қатар, педагогтер арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді. Оның төртеуінде COVID-19 симптомы жоқ. Қазіргі таңда Ақсудағы №2 орта мектеп карантинге жабылды",  делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, білім ордасында оқитын бірінші сыныптың екі оқушысы мен педагог коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар Тереңкөл ауданы, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз және облыс орталығының оқушылары арасында да коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Алайда бұл оқу процесіне әсер етпеген.