Қазақстан • 12 Қараша, 2020

Карантин енгізілген өңірлерде теміржол және авиарейстерді қысқарту шаралары қабылдануда

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ержан Байтанаев - ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі карантин енгізілген өңірлерде теміржол және авиарейстерді қысқарту шаралары қабылданып жатқанын мәлім етті.

Карантин енгізілген өңірлерде теміржол және авиарейстерді қысқарту шаралары қабылдануда

"Карантиндік іс-шаралар енгізілген өңірлердің әкімдіктері cауда орталықтардың және қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына шектеу қою, теміржол және авиарейстерді қысқарту, санитарлық және блокбекеттенді қою және т. б. КВИ-ді таратпауға қарсы күрес бойынша күшейтілген шараларды қабылдауда", деді комитеттің ресми өкілі.

Ержан Байтанаев соңғы 2 аптада ел өңірлердің көбісінде КВИ ауруының өсуі байқалуда екенін атап өтті.

"26 қазан - 1 қараша кезеңінде 2 318 жағдай, 2 қарашадан 7 қарашаға дейін – 3 912 жағдай тіркелген. Ең жоғары деңгей (45%) - 1 755 факт Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Қостанай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі байқалады", деді ол.