Саясат • 13 Қараша, 2020

Қазақстан мен Канада аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазақстан-Канада" Іскерлік кеңесі аясында бейнеконференция форматында аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Канада аэроғарыш және әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Канада арасындағы уақыт айырмашылығына қарамастан, онлайн іс-шараға екі елден 100-ге жуық қатысушылар қосылды.

Виртуалды отырыс барысында ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің, сондай-ақ ведомствоның бағынысты ұйымдардың өкілдері Қазақстанның осы саласындағы жетістіктерін, оны одан әрі дамытудың басымдықтары мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктермен таныстырды.

47

Қазақстандағы азаматтық авиация саласын дамытудың негізгі бағыттарын ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі таныстырды .

Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Қазақстандағы көлік саласының дамуы мен банктің Қазақстандағы жобаларға қатысуын қарастырды.

Іс-шара барысында пікірталас форматында осы салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдер жасалды.

2020 жылдың қараша айында онлайн-форматтағы Қазақстан-Канада Іскерлік Кеңесінің (ҚКІК) 4-ші отырысы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Бір ай ішінде әр түрлі салаларда жұмыс топтарының 5 отырысы өтеді: ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, аэроғарыш, көлік, құрылыс және инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім.

Қазақстан мен Канада Үкіметтері мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, сондай-ақ екі елдің академиялық және қоғамдық топтарының өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңестің Пленарлық отырысы қорытынды ретінде шара өтеді.

Іскерлік кеңестің негізгі тақырыбы "Пандемиядан кейінгі Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастық: қалпына келтіру және даму".

Іс-шара экономиканың басым секторларындағы Қазақстан мен Канада компаниялары арасындағы іскерлік қатынастарды одан әрі дамыту, инвестиция тарту, пандемиядан кейінгі әлемде сауданы дамытуға бағытталған.