Ауа райы • 17 Қараша, 2020

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

18-19 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

18 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

18 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.