"10 айда 838 өрт болып, өткен жылғыдан 3 пайызға артты. Өрт нәтижесінде 21 адам қаза тапты. 15 адам жарақат алды. Материалдық залал 118 миллион 296 мың теңгені құрады. Ал, тұрғын үй секторында 10 айда 537 өрт болып, 17 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды",деді Ернұр Өтегенов.
Спикердің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап өрт санының азаюына қарамастан, өртте адам өлімінің 3 фактісі орын алған.
Ернұр Өтегенов пештерді пайдалану кезінде адамдардың улы газбен улануы жиілеп кеткенін атап өтті. Қазірдің өзінде бұндай 8 жағдай орын алған.
"Газбен улануға қатысты оқиғалардың басым бөлігі адами факторға байланысты орын алған. Кейбірі көмірді дұрыс салмаған, су отынды салған, мұржадан түтін шығатын жолды жауып тастайтын жағдайлар болады", деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, департаменттің ерекше бақылауында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 2000 отбасы бар. Отбасылар айлық аясында алдын алу жұмыстарымен 100% қамтылған. Бұдан басқа, әлеуметтік осал отбасыларға улы газ шыққанда дабыл беретін 179 құрылғы орнатылды.