Президент • 01 Желтоқсан, 2020

Елбасы арманы – елорда

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Телерадиокешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы арманы – елорда

"1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалық сайлаған тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. Президенттің Телерадиокешені "Елбасы арманы – елорда" атты бейнероликті ұсынады", делінген Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фильмде елорданың барлық қайталанбас сұлулығы құс ұшар биіктіктен ғажайып кадрларда бейнеленген.

"Өз туындысының табысты боларына бір адам ғана сенді – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісіге жаңа қаланың пайда болу идеясы ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің жылнамасындағы ұлттық мақтаныш пен жарқын беттерге айналған астананы салу ұмтылысы да тиесілі", деп жазылған парақшада.