Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2020

«Shopan ata»  қауымдастығы жүлде қоры 1 миллион теңгелік байқау жариялады

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Shopan ata» Қазақстан Ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы «Шопан ата» республикалық байқауының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Shopan ata»  қауымдастығы жүлде қоры 1 миллион теңгелік байқау жариялады

Аталмыш қауымдастықтың төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, Қазақстан экономикасының дамуына жалпы малшылар қауымының қосып отырған еңбегі орасан зор. Бірақ олар туралы қоғамда айтыла бермейді.

Сол себепті «Шопан ата» байқауы ең алдымен малшылар қауымының абыройын өсіруді көздейді. «Ауылдағы шаруа қауымның мәртебесін көтеру арқылы біз жас ұрпаққа ата кәсіпті жалғаудың маңыздылығын, малшаруашылығын дамытудың өзектілігін ұғындырамыз», дейді қауымдастық төрағасы Алмасбек Жұмабекұлы.

Байқау бес түрлі номинациядан тұрады. Атап айтсақ: 3-8 жас балалар арасындағы суретшілер байқауы, tik-tok желісіндегі бейнеконтент байқауы, мұғалімдердің бастауыш сыныптарға арнап жазған ашық сабақ жоспары байқауы,  муралдың эскизінің байқауы және «Менің атам – шопан» тақырыбында видео-естелік байқауы. 

Жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын байқауға қатысушылар саны күн санап артуда дейді аталмыш шараны ұйымдастырушылар.