Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Қазақстанға 246 әуе жолаушысы ПТР анықтамасыз келген

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанға 246 әуе жолаушысы ПТР анықтамасыз келген

2 671 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен - 1 825, анықтамасыз - 235;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы, анықтамамен - 569; анықтамасыз - 11;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 199 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.