Руханият • 08 Қаңтар, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы Христос Рож­дествосымен құттықтайды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы православие христиандарын және барша қазақстандықтарды жарқын мереке – Христос Рож­дествосымен шын жүректен құт­тықтайды!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Христос Рож­дествосымен құттықтайды

 

Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең таза және ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді, үміт сыйлады, мәдениет пен тарихты өзгертті. Ол ұлттық және әлеу­меттік айырмашылықтарға қара­мастан, қазіргі әлемнің рухани-мәдени және өнегелік келбетін қалыптастыруға үлкен әсер етті.

Қазақстанда православие бас­қа дәстүрлі діндермен қатар қоғам­дық келісім мен бірліктің маңызды элементтерінің бірі болып отыр. Қазақстандықтар Рож­­дествоны әрдайым тату-тәтті тұр­мыс кешу, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау атмосфера­сында атап өтеді.

Біз бұған Тәуелсіздік жылдары Нұрсұлтан Назар­баевтың елімізде бейбітшілік пен келісім орнату саясатын ұстанудың арқасында қол жеткіздік. Соның негізінде өзіміздің полиэтностық және поликон­фессиялық қалпы­мызды стратегиялық артықшы­лыққа айналдырдық, ал Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің орнына айналды.

«Ел бірлігі – оның әралуан­дығында» моделі мемлекеттің табысты дамуының маңызды факторы болып қала береді.

Біз қазақстандық дәстүрлі құн­дылықтарға сүйене отырып, болашақты бейбітшілік пен келі­сім, құрмет пен әділет қағи­даттары негізінде құрамыз.

 

Қымбатты жерлестер!

Айтулы тамаша мерекені қарсы алып отырған азаматтардың барлығын құттықтаймыз. Шаңы­рақ­­тарыңыз қуанышқа, жылулық пен құт-берекеге толсын!

Осы қуанышты күні сіздерге зор денсаулық, бақыт және бар­­лық игі істеріңізге табыс тілей­міз!

 

Қазақстан халқы

Ассамблеясы