Сайлау • 12 Қаңтар, 2021

ADAL жұмысын жандандырады

9 рет көрсетілді

ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали сайлаудың алдын ала қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Серік Сұлтанғали ең әуелі партия атынан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Сондай-ақ ол ұйымның негізінен жастардан құралғанын еске салды. Сонымен қатар сайлауалды кезеңде басталған жұмыстың бұдан әрі де жалғасатынын жеткізді.   

«Біздің партия халыққа берген уәделерін орындайтын, соның жолымен жүретін партия. Халыққа өте керек партия. Exit-poll деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша Nur Otan партиясы жеңімпаз болып танылды. Сондықтан Nur Otan партия-
сын құттықтаймын», деді төраға.

Партия өкілдерінің мәліметі бойынша партия 11 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 5 161 кездесу өткізіп, оған 152 822 адам қатысқан. Олардың қорытындысы бойынша кездесуге қатысқан азаматтардың 73 мыңға жуығы партия сайтында партияға кіруге өтініш қалдырды. Тек үгіт-насихат кезеңінде партияға кіргендердің саны 53 000-нан
311 000-нан астам адамға дейін жеткен.

«Тарихи бастама аясында пар­тияның болашағы бар екенін көріп отырмыз және оған күмән жоқ. Жас партия екенімізді мо­йындаймыз, сондықтан өзіміздің нәтижелі жұмысымызды көрсетуге тиіспіз. Әр салада жұмыс істейтін ма­мандарымыз бар. Біз – эволю­цияға екпін қойған партиямыз», деді С.Сұлтанғали.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:22

Сартай батырдың ашамайы

Руханият • Бүгін, 08:07

Екпе салдыру – өз еркіңізде

Медицина • Бүгін, 07:54

Тарих ғылымының көшбасшысы

Оқиға • Бүгін, 07:54

Мұнайлы өңірге – мың доза

Медицина • Бүгін, 07:52

ДСҰ: Өтпелі кезең аяқталды

Экономика • Бүгін, 07:37

Әке жолын жалғар ұл

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Ұқсас жаңалықтар