Технология • 14 Қаңтар, 2021

Microsoft – мүмкіндіктер мерзімі

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Microsoft Қазақстан және Алматы қалалық білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлы трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруда. Бұл мақсатта тараптар оқу үдерісінің сапасын жақсарту және Алматы қаласындағы орта білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлы трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты ықтимал кеңейту мен дамытуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Microsoft – мүмкіндіктер мерзімі

Сондай-ақ ықтимал ын­­тымақтастық цифрлы са­уат­тылықты, Алматы қала­сы мек­тептерінің педагогтері мен оқушыла­ры­ның цифр­лы машықтарын және құзы­реттерін арт­тыруды көз­дей­тін болады. Жоба арқылы қа­ла­­ның 200-ден аса мектебін қам­ту жоспарланып отыр.

Қалалық білім басқар­масының басшы­сы Ляззат Жылқыбаеваның айтуын­ша, бү­гінгі таңда цифр­лы құ­ралдарды пайдалан­бай, білім беруді елестету қиын. «Сондық­тан ық­ти­­мал ынтымақтастық аясын­­да Microsoft компа­ния­­­сы ұсынуға дайын бі­ре­гей тә­жірибе, үздік халық­ара­­лық практика­лар және инно­ва­ция­лық технологиялар қа­ла­­ның білім беру жүйесін та­бысты цифрлы транс­фор­ма­циялаудағы мақсаттарға жетуде көмегі тиетініне сенім­діміз», дейді ол.

Қазіргі уақытта қол жет­кізген уағдалас­тық­тарға сәй­кес, Алматы қаласындағы білім беруді цифрлы трансформациялау сала­сын­да­ғы ықтимал ынтымақтастық Mic­rosoft-тың білім берудегі сан­сыз зерт­теулері мен көп жылдық тәжірбиесіне негіз­делген үздік халықаралық практикаларды ұсынуды қамтиды. Microsoft-та әлем­нің түрлі елдерінің бі­лім беру жүйесін цифр­лы транс­формациялаудың тиім­ді стра­тегияларын жү­зеге асы­рудағы ауқымды тә­жі­ри­­бесі бар болғандықтан, бұл білім берудің жергілік­ті жүйе­сінің қажеттіліктері мен міндеттерін ескере отырып, ең оңтайлы стратегия­ларды тәжірибе жүзінде таңдауға және енгізуге мүм­кіндік бе­реді. Білім беруді цифрлы транс­формация­лау барлық оқу­шыға өз әлеуетін ашуға және толық іске асыруға, ал мұ­ғалімдерге оқытуға ар­нал­ған қауіпсіз, сенімді және инклюзивті ортаны құ­ру ар­қылы жұмыстың инно­ва­ция­лық әдістерін енгізу мен қолдануға көмек­теседі.

Тараптар қарастырып жат­­­қан бағыт­тардың бірі – қала мектептеріне білім бе­руге арнал­ған Microsoft «Mi­necraft: Education Edition» мамандандырылған бағ­дар­ламалық қамсыздан­ды­руын бірлесіп енгізу мен дамыту жобасы. Бұл са­бақ берудегі әдістерді өз­гер­тетін және балаларды оқу үдерісіне тар­ту мен олар­дың бойында білімге деген қызы­ғушылықты ояту­ға көмектесетін ойын негі­зін­дегі оқу платформасы. Әлем­нің әр түкпі­ріндегі оқы­­тушылар оқушыларды са­бақ беру мен оқытудағы мүм­кіндіктер шегі қиялмен ға­на белгіленетін иммерсивті цифр­лы ортада барынша қы­зықтыру үшін «Minecraft: Education Edition»-ді оқу үде­рісі барысында сабақ кезінде әртүрлі пәндерде қолданады.

«Біз планетадағы әрбір оқу­шыға көпке қол жеткізуге көмектесеміз. Біздің Ал­маты қала­сының білім басқар­ма­сымен және цифр­ландыру басқармасымен ықтимал ын­тымақ­тастығымыз қаланың білім берудегі цифрлы транс­формациясына оң әсер етеді деп сенеміз. Бүгінгі таң­да заманауи цифрлы технологиялар оқыту үдерісін қы­зық­ты, интерактивті және ин­клюзивті етуге көмек­те­сіп, білім беру үшін шексіз дер­лік мүмкіндіктер ашуда. Microsoft-тың білім беруге арналған заманауи ше­шім­дері оқушылардың бі­лім­ді ана­ғұрлым тиімді иге­ру­ле­ріне жәрдемдесуде, сон­дай-ақ мұғалімдерге оқытуда ин­но­вациялық құралдар мен әдіс­терді қолдануға мүм­кін­дік береді», деді Microsoft-тың Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру сек­­торымен жұмыс жөніндегі бас­шысы Нұрлан Жаныбек.