Ең қысқа әңгіме • 14 Қаңтар, 2021

Бір сәт – бүкіл ғұмыр

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев пен Шәкәрім қажының ұлы Ахат түскен көне сурет Семейдегі Абай музейінің қорында сақталған.

Бір сәт – бүкіл ғұмыр

Музей қызметкерлерінің ай­туынша, құнды сурет Абай­дың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында хакімнің ескерт­кіші алдында түсірілген екен. Қордағы суретті музей ұжы­мы 12 қаңтар, Дінмұхамед Қонаев­тың туған күніне орай қоғам назарына әлеуметтік желі арқылы ұсынған.

Алайда суреттің авторы көр­сетілмеген еді. Дәу де бол­са, фотоны түсірген Мар­қа­көл өңірінің тумасы, ардагер фо­тотілші Қалиғұмар Қаб­деш­­­ұлы ма деп, ақсақалға хабар­ласқанбыз. Өйткені ол Д.Қонаевты қызметтік іссапар­ларында, жиындарда сан рет суретке түсірген. 

– Мәскеуге, партияның XXVI съезіне бардық. Атшаптырым залда фото түсіруге ыңғайлы орын қарастырып тұрған едім. Дінмұхамед Ахмет­ұлы келе жатыр. Таяп келіп амандық-саулығымды сұрасты да «қазіргі түсірген суретің бүгін – сурет, ертең – тарих» деп арқамнан қақты. Тағы бірде Алматыға әр елдің I хатшылары жинал­ды. Брежнев пен Қонаев 28-панфиловшылар саябағына гүл шоқтарын қоятын болды. Аппараттарымызды сайлап, күтіп тұрмыз. Көп ұзамай келді. Дінмұхамед Ахметұлы қара­пайым ғой. Біразымен әңгі­мелесіп үлгерді. Алдыңғы қа­тарда обкомның хатшылары, кейінгі қатарда Бошай Кітап­баев тұрған. Сонда Диме­кең Кітапбаевпен арнайы амандасып, сөйлесті. Ал Қонаевты тү­сірген суреттерімнің көбі мем­­ле­кеттік мұрағатта жатыр. Бұл көрсетіп отырған фото Абай­­да түсірілген екен. Менікі емес, – деп ағынан ақтарылды ақсақал.

 

Шығыс Қазақстан облысы