Үкімет • 19 Қаңтар, 2021

Үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтетіні белгілі болды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысы ағымдағы жылдың 26 қаңтарында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.

Бұдан өзге, басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралады.