Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Электронды қызмет көрсетуге көшті

14 рет көрсетілді

Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігінің Ақ­мола облыстық департаменті 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қоры­тын­дысы туралы хабарлады. Департамент өткен жылы халыққа көрсетілген мем­лекеттік қызметтің 94,8 пайызын электронды түрде ұсыныпты.

 

Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік органдары халық­қа барлығы 6 млн 342 918 мем­лекеттік қызмет көрсеткен. Мем­лекеттік қызметтерді көр­сету бас­қармасының бас маманы Қанат Айтымовтың айтуынша, 2019 жылмен салыс­тырғанда был­тыр көр­сетілген қызметтер саны 22 090-ға артыпты.

Қағаз түрінде мемлекеттік органдар 116 811 қыз­мет ұсынды. Азаматтардың мемле­кет­тік ор­ган­дарға қызмет алу үшін жү­гіну мөлшері 71 пайызға тө­мендеді.

– «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік кор­по­­рация­сының филиалдары арқы­лы 287 811 мемлекеттік қыз­мет ұсы­нылды. Яғни жұрт­шылық тарапынан түсетін өтініштер де 56,2 пайызға азайды деуге болады. Себебі сұралатын анықтама, басқа да қағаздар айтарлықтай азайып келеді, – деп хабарлады агенттіктің Ақмола облыстық департаменті.

Egov.kz порталы және оның сервистері, сондай-ақ мем­ле­кеттік органдардың ақпараттық жү­йелері арқылы электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға аза­маттардың жүгінуі үлесінің артқаны байқалады. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен элек­тронды түрде 5 938 296 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 94,8 пайызды құрап отыр. Осы­лайша, 2019 жылмен са­­лыс­тырғанда көрсетілген қыз­меттер саны 9,3 пайызға ұлғайды.

Қ.Айтымовтың айтуынша, карантин кезінде Мемлекеттік корпорация тек қана қызмет алушының келуін талап ететін қыз­меттерді ұсынды. Тіпті осы қызметтерге қол жеткізу үшін алдын ала жазылу тәртібі ен­гізілді. «Өзіне өзі қызмет көр­сету секторы» жеңілдетіліп, аза­маттарға онлайн түрде кеңес беру қызметі ұйымдастырылды. Ха­лықтың әлеуметтік осал топ­тары үшін мемлекеттік қыз­мет­терді қағаз және электронды түрде көрсету үшін арнайы терезе жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар

Балқашта қар жауып жатыр

Ауа райы • Бүгін, 15:48

Той тойлау тыйылмай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:45

733 980 қазақстандық вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:58

Әуеден бақылау жасалды

Саясат • Бүгін, 08:52

Банктегі онлайн қызмет

Технология • Бүгін, 08:43

Көп көлемде айыппұл салынды

Экономика • Бүгін, 08:32

Азия чемпионатын табысты бастады

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:24

Тарбағатайдың таңбалы тастары

Руханият • Бүгін, 08:01

Ұқсас жаңалықтар