Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021

​​GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК пайдалану шығындарын оңтайландыру үшін қызметтік көлік құралдарын, оның ішінде барлық филиалдарда GPS бақылау датчиктерімен жабдықтаудың пилоттық жобасын жүзеге асырды.

​​GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған

GPS-датчиктерді орнату бәсекелестік нарықтан жалға алу және ашық сатып алу қағидаттарында ғана жүзеге асырылады. Датчиктерді жалға алу филиалдардың шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені датчиктердің құны 40-50 мың теңге аралығында өзгереді, ал жалдау құны айына 2 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, датчик кез келген уақытта, ол есептен шығарылған, сатылған, істен шыққан және басқа да жағдайларда техникадан бөлшектелуі немесе басқа техникаға орнатылуы мүмкін.

Бүгінгі күні филиалдардың 645 көлігі немесе GPS датчиктері орнатуға жататын техниканың жалпы санының жабдықтардың жалпы санының 76,8% цифрландырылды.

GPS-датчиктерін орнату аяқталғаннан кейін есеп беруді автоматтандыру, көліктік диспетчерлік бөлмелерді қайта құру, жанармай шығынын азайту мен компанияның көлік және арнайы техникаларын пайдалану тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасады.