Президент • 26 Қаңтар, 2021

Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтетінімізді айтып, осыған орай қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керектігін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында  – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді

«Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда қазіргі идеологиялық бағдарламаларды нақты атап көрсеттім. Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекетік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс. Бұл біздің қолымыздан келеді», деп түйіндеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланды.