Медицина • 27 Қаңтар, 2021

Мұнайлы өңірге – мың доза

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазыналы өңірде қауіпті вирусқа қарсы вакцина салуға әзірлік жүріп жатыр. Осыған орай қаңтардың соңында «Спутник V» вак­цинасының 1 мың дозасы әкелінеді. Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір 2 500 дозаны сақтауға арналған 180 литрлік мұздатқыш бар.

Мұнайлы өңірге – мың доза

– Енді «Теңізшевройл» ЖШС-ның демеушілігімен облыстың медицина мекемелеріне вакцинаны сақтайтын 700 литрлік мұз­датқыш жеткізілгелі күті­ліп отыр. Бұған қо­са вакцина­ны аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік 2 мұздатқыш, 15 мем­лекеттік емханаға 110 литр­лік 15 мұздатқыш алынады, – деп хабарлады басқарманың баспа­сөз қызметі. – Ал жекемен­шік медициналық мекемелер мұз­датқышты өз қаражаты есебінен алатын болады. Вакцинаны сақ­тау жауапкершілігі аталған меке­мелердің өздеріне жүктеліп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритмге сәйкес, тұр­ғындарға ерікті түрде екпе салу үшін вакцинаға жауапты медицина мамандарын кәсіби оқудан өткізу көзделіпті. Содан соң ақпан айында вакцина салу басталады. Осы мақсатта бастапқы медициналық-сани­­тарлық көмек көрсететін 22 ұйым­­да арнайы орындар дайын­­дал­ды. Оның ішінде 15 мем­лекет­тік мекеме бар. Қалғаны – жеке­меншік медициналық мекемелер.

Емханалар вакцина салу­ды тұр­ғындардың санына қа­рай ерікті түрде қолға алады. Алгорит­м­ге сәйкес, екпені бірін­ші кезекте коро­навирус инфекциясын жұқ­­тыр­ған науқастарға көмек көр­сететін медицина мамандарына салу жоспарлануда.

 

Атырау облысы