Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбелік мектептердің біріне бомба қойылды деген хабар келіп түскен соң, қызмектерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

26 қаңтар күні сағат 10:15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды мекен жайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты. Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді.

Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Естеріңізде болса, 18 қаңтар күні аталған мектептің мекен-жайына дәл осы сынды хабарлама келіп түскен болатын. Әзірге хабарлама жазған адам әлі анықталмады.

Соңғы жаңалықтар