Оқиға • 28 Қаңтар, 2021

Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы

576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапхана мен Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Айта кетейік, акция қазақ әдебиетін дамыту және үздік шығармаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылады.

Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы

2021 жылдың Жыл кітап­тарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ко­миссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс қоры­тын­ды­сы бойынша, ел Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына орай, жал­пыхалықтық оқуға «Тә­уел­сіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. «Аудар­ма» номина­циясында «Фо­лиант» баспасынан жарық көрген Халед Хоссейнидің «Жар­қыраған мың күн» романы бар. Аударған – халық­аралық, республикалық жыр додаларының жүлдегері, ақын Төлеген Меллат.

Роман соңғы жарты ғасыр­да әлем назарын өзіне жиі аудар­ған Ауғанстанның ашық та тұңғиық өмір шындығын, ты­ныс-тіршілігін боямасыз бей­­не­лейді. Соғыс өрті толас­тама­ған, қараңғылық пен надан­дық үстемдік құрған қоғам­дағы адам тағдыры мен әйел­дер өмірін, махаббаттың мұң-наласын ай­шықты тілмен анық жеткізеді.

Оқиға Ауғанстандағы ХХ ға­сыр­дың екінші жартысын­дағы азаматтық соғыс төңі­регінде өрбиді. Автор соғыс­ты бізге әйелдер және ана­лар көзі­мен көрсетеді. Шы­ғыс елінің тұрмыс-тірші­лігімен, тұрғындарының тағды­рымен таныстырады. Адам­дарының армандары мен қорқы­ныштарын, үміттері мен қасіретін баяндайды. Әсіресе шығармадағы мінездері мен әлеуметтік жағдайлары әртүрлі қасіреті мен мұңы бір екі әйел­дің тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайды.

Мәриям – бай кәсіпкердің 15 жасында күштеп тұрмысқа шы­ғарған некесіз қызы. Ал Лейлә – зиялы отбасында дүниеге келіп, жоғары білім алуды армандаған бақытты қыз. Соғыс атты зұлым күш екі тағдырды бір арнаға тоғыстырады. Ортақ қасірет негізінде құрылған достық та бар туындыда. Соғыс азаптарымен бірге, отбасындағы зор­лық-зомбылық, мұсылман әйел­дерінің құқықтары мен бос­тандықтары тақырыбы да қозғалады.

Соңғы жаңалықтар