Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді

«Жұмыс сапары кезінде Түрксібтегі Қайрат ықшамауданында 1500 орынға арналған мектеп құрылысының барысымен және Бостандық ауданындағы 425 орынды №199 мектептің жаңа корпусын көріп қайттым. Биыл жыл соңына дейін қала бюджеті есебінен Алатау ауданындағы Қалқаман-2, Наурызбай, Нұркент, Мәдениет, Саялы, Томирис, Дархан ықшамаудандарында 8 мектепті және жоғарыда аталған Қайраттағы білім мекемесін тапсыруды жоспарлап отырмыз», деп жазды Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ қыркүйекте Бостандық, Әуезов, Алмалы, Жетісу аудандарындағы 17 мектепке жапсарлай жаңа корпус салынады. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 20 700 оқушыға орын пайда болады.

«Түрксіб ауданындағы Жас Қанат ықшамауданында 150 орынға арналып салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына бардым. Биыл Медеу, Жетісу, Алатау аудандарында тағы 5 кешен салынуда. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Жаңа Алматының шеткі ықшамаудандарындағы балалардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау керек», делінген жазбада.