Президент • 23 Ақпан, 2021

Президент қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.

1

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы  дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.