Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Жас отбасыларға – баспана сертификаты

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қостанай облысында жас отбасыларға қайтарымсыз бас­пана сертификаттары беріле бастайды. Бір сертификаттың құны – 3 млн теңге.

Жас отбасыларға – баспана сертификаты

– Өңірде жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырыла бастады. Жоспарға енгізілген көп міндеттің бірі – жас отба­сыларды баспанамен қамту тетік­терін оң­тайландыру, – деді облыстық жас­тар саясаты басқармасы бас­шы­сының міндетін атқарушы Саят Шаймұрынов.

Аталған басқарма «Жастар үшін қолжетімді баспана» бағ­дарламасын әзір­леп те қойыпты. Бұл бағдарлама бойынша жастар мен жас отба­сы­ларға бас­пана сатып алу үшін көмек ре­тінде мөлшері 3 млн тең­геге дейін тұрғын үй серти­фи­­кат­тары берілмек. Қаржы тү­рін­дегі әлеуметтік көмек жас отба­сы­лардың «Отбасы банктегі» депозиттеріне бастапқы жарна ретінде салынады. Бүгінде Қос­­танай облысында 6 462 жас тұрғын үй кезегінде тұр. Олар баспана сертификатына жас ерлі-зайыптылардың неше жыл бірге тұрып жатқанын, бала­ларының санын анықтау ар­қылы бағаланатын конкурс ар­қылы ғана қол жеткізе алады. Бұл конкурстың қалай өтетіні қазірше белгісіз. Жастар саясаты басқармасының басшысы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық актілерге бірқатар өзгеріс енгізу керектігін айтты. Қазір басқарма осы бағытта жұмыс істеп жатыр.   

– Түзетулер енгізіле салысымен, біз бірден жастардың өтіні­шін қабылдауды бастаймыз, – деді С.Шаймұрынов.

 

Қостанай облысы