Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

ҚТЖ: Тағы бір басшы ұсталды

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы «қамқорлығы» үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚТЖ: Тағы бір басшы ұсталды

Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.