Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Таза қол» мүсінінің тұсаукесері мен «Ореп University» кеңсесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды

Енді студенттер «Ореп University» кеңсесінде оқуына қатысты кез-келген сұраққа оп-оңай жауап ала алады. Кеңседе қашықтан оқыту порталы, ректор блогы, сенім жәшіктері, сенім телефондары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн порталы қызмет көрсетеді. Ол үшін студент-кеңесшілер де тағайындалған. Олардың қатарында аталмыш оқу орынның студенті Артем Боровиков та бар. Айта кетерлігі, ол 1 наурызда Әлия Назарбаева құрылтайшысы болып табылатын «ADAM BOL AWARDS» бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының лауреаты және жеңімпазы атанды. Оған «MYQTY ADAM» атағы берілді.

Оқу орнының қабырғасында өткен бұл салтанатты шараға ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ерлан Нағашыбайұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

– «Таза қол» мүсіні былтыр ғана жоба жүзінде таныстырылған еді. Міне, ойдағы дүние іске асырылды. «Студенттер – біздің болашағымыз» дегенді жиі айтамыз. Мұндай бастаманың тәрбиелік мәні орасан. Ендігісінде еліміздегі өзге де университтер осы қадамды жалғастырса екен, – деді Ерлан Жалмағамбет.

Университет ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, студенттердің өтініш-шағымына қашан да түсіністікпен қарайды. Ал шыны қоршаулы «Open university» кабинетінде өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігі қарастырылыпты. Ата-аналар келіп деканатқа байланысқа шыққылары келсе, кезек күтпей-ақ осы жерде туындаған мәселе төңірегінде еркін диалог құра алады.

Бұдан соң қонақтар сирек кітаптар қорымен танысты, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтына бас сұқты. Бұл ретте облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай, қалалық мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин, белгілі орнитолог Борис Щербаков сынды меймандар білім ошағының бастамасына оң бағасын берді.

Соңғы жаңалықтар