Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Сөз сойыл №101

2302 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Сөз сойыл №101

Жақсы әйелдің қылығы

Жақсы әйелдің қылығы,

Шын асылдың сынығы.

Жақсы әйел күнмен тең,

Таусылмайтын қызуы.

Жақсы болса алғаның

Бұ дүниенің қызығы.

Жаман еркекті түзетеді,

Қыс, көктем, жаз, күз өтеді.

Бала санын үдетеді,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Балаларын күзетеді.

Күн серігі Ай боласыз,

Көктен түскен жай боласыз.

Қысыр емген тай боласыз,

Жақсы әйелдің арқасында,

Төрт түлікке бай боласыз.

Қолыңызға құс қонады,

Жолыңызға құт қонады.

Уәдеңіз нық болады,

Айтқаныңыз «құп» болады.

Жақсы әйелмен өміріңіз,

Аққудайын жұп болады.

 

*   *   *

Жаман әйелдің қылығы,

Шығып жатар былығы.

Ол әйелдің бұзығы,

Бұзықтыққа келгенде,

Ұзын болар «құрығы».

 

Жақсы еркекті жүдетеді,

Күйеуіне тілі өтеді.

Әркімді үйге түнетеді,

Жылауменен күн өтеді,

Сынауменен жыл өтеді.

Көшікбай МАҚҰЛБЕКҰЛЫ

Алматы

Мен үйде, қатыш тойда

Мен деген... «Мен, мен едім, мен Нарында жүргенде...» деп айтатын мен емес, қара­па­йым еркекпін. Міне, әйел аза­мат­тардың мерекесі келіп қал­ған екен, онымды өзім де мойын­даймын. Заман өзгеріп, нарық келіп, еркектен еркелік те, би­лік те кеткеніне өз басым өкін­беймін.

Заманға бейімделіп, бар тір­­лікті дөңгелете өр­ге оздырған қа­тынға... ой­пыр-ай, қатыны несі, естімесін, еркелете айт­сам – қа­тышқа ри­замын.

Қатыштың арқа­сында, міне, көштен көш ілгері кетіп, тіл-көз­­­ден аман болсын, шал­қып-қалқып тірлік кешуіміз бір со­ның арқасы.

Өз басым, тірлікті тірілткен, жағ­дайды жақсартқан қатынына кейіп, кері кетіп жүрген еркектерге түсінбеймін.

Қолыңнан келмейді екен, қо­нышынан басатынның қолты­ғы­нан деме, құшағына күмп бер де құлдық ұр. Құлдық дегеннен шығады: «Халқыңа құл бол­масаң би болмайсың, қатыныңа құл болмасаң үй болмайсың», деп бабалар бекер айтпаған.

«Сөз мәйегі – мәтел» деген, айтпағымды аталардан қалған аталы сөзбен түйіндесем: «Ердің атын қатын, болмаса бәйгеден келген аты шығарады», «Ертерек өлгің келсе – ақымақ әйелге үй­лен», «Әйел құқы әкеңнен үл­кен», «Әйелдің тілін алмаған – али­ментші», «Алпыс нарың бол­ғанша, ақылды жарың болсын», «Хан жарлығынан қатын жар­лығы күшті», «Әйелден әзірейіл де қорқады, сен адамсың ғой, шыда!», «Қатының ақылды болса – өз ақылың қалтаңда қа­ла­­ды», «Әйелдің ақылдысы – сен­де, әдемісі – құрдасыңда бол­­­ғаны дұрыс» деп тізбектеліп кете барады.

Сөздің емес, істің ғасырына тап келгенімізді білеміз, сон­дық­тан да қызыл сөзден қашып, сөз қай­мағы – мақал-мәтелмен қайы­рып тақ-тұқ болып отырмын.

Көсемсімей айтарыма көш­сем, қатыш − 8 наурыз ме­ре­ке­­сіне орай өтіп жатқан тойда! Киерін кигізіп, тағарын тақ­қы­зып, «әке-көке» деп ша­қыр­ған тойға бір өзің-ақ барып ке­ле­ ғой деп шығарып сал­ған­быз.­ Жа­нында әрі шопыры, әрі қал­қаны, әрі көмекшісі – сымбатты да кө­рікті жігіт бар.

Өз басым, баяғыда бабамыз «Қатын ауру, бала жас – талқан түйіп жатырмыз» демекші, қатыш тойдан оралғанша үй тірлігін тап-тұйнақтай етпекпін.

Айналайын техника, шаң­сор­ғышты шарылдатып-ақ еден біткенді ысқылап ырыс кір­­гіземін. Төбе үйілген кір атау­лы­ны жойқын жуғышқа тапсырсам болды, өзі жуып, өзі сы­ғып – «ал да, кептір» деп қарап тұрады. Дайын ас-ауқат­ты толтырып алып теңкиіп тұратын тоңазытқыштан айналып кетпеймісің. Тек дүкен барып, керегін кертіп әкеп салып қойсаң болды. Қалғандары: үтік-мүтік, гүл-пүл, қағу-сілку сияқ­ты, кәкір-шүкір тірлік – білек сыбана кіріссем бір пәсте біте қалады.

Бәрін бітіріп, теледидар ал­­­дында тоқыма тоқып оты­рып, тойдағы қатыштың аман­ды­ғын ойлаймын. Мінезі шатақ, ішкенде еліріп, ерегеспесе екен... Шайпаулығына басып шатып-бұтпаса екен... Қайтейін, не де болса өткендегідей таң асырып келмей, ертерек моласын тапса игі... Өй, моласы несі! Өзімен кетсін, не деп жібергенмін... Одан­ да өз үйі өлең төсегін та­уы­п, ертерек дем алса ғой...

Өй, есік шырылдап жатыр, келіп қалғаны ма?!

Елпек қағып есік ашайын, еркелеп етігін шешейін, елге­зектікпен шәйін қояйын... бар ойым – мазамды алмай қисая қалса шіркін!..

Берік САДЫР

Нұр-Сұлтан

 

Отбасындағы «ошаған»

Бір ағамыздың есімі Тоқсан­бай екен. Қазақта келіні атасының есімін ешқашан айтпайтын болған. Бір күні апасы:

– Әй келін, мына дәнді санап жіберші, – деп шақырып алады.

Сонда келіні:

– Бір, екі, үш... сексен сегіз, сексен тоғыз, тоқ... – деп тұ­рып қалыпты да, – ой, атам, атам бір, атам екі, атам үш, – деп са­най жөнеліпті.

* * *

Әйелі ұйықтап бара жатып қиялдана жымияды: «Қызық, үйленгенімізге ертең 15 жыл толатыны күйеуімнің есінде ме екен? ...Әрине, есінде болу­ға тиіс! Бәлкім, маған арнал­ған сыйлығы да дайын шығар...».

Күйеуі, ұйықтап бара жатып мұңайып: «Егер мен оны 15 жыл бұрын тұншықтырып өлтіргенде, ертең түрмеден бос­тандыққа шығар едім-ау...».

* * *

Әйелі күйеуіне:

– Саған айтар жақсы және нашар екі жаңалығым бар.

– Ал айтып жібер.

– Мен сенен кетемін!..

– Жарайды... Ал нашар жаңалығың не?

Қыз-жігіт қыңқылы

Көшеде кетіп бара жатқан құлын мүсінді бір қызды байқап қалған жігіт:

– Қарындас, мынандай «фигураны» қайдан алдыңыз? – деп сұрайды.

– Сатып алдым.

Сонда жігіт жаны ашып:

– Түріңізге ақша жетпей қалды ма? – депті.

*  *  *

Қыз жігіттен:

– Менің туған күніме қандай сыйлық жасайсың?

– Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.

– Ал егер сүйгізбесем ше?

– Олай болса, жүре бер сыйлықсыз.

*  *  *

Жас жігіт қызға:

– Сен ақымақ бай жігітке тұрмысқа шығар ма едің? – дегенде, қыз:

– Айту қиын... Сен шынымен де баймысың? – деген екен.

*  *  *

– Жанаржан, мен саған қолым мен жүрегімді ұсынамын!

– Болат-ай, бұларың анатомия ғой, маған керегі ақша!..

Әйелдер «әлдиі»

– Не істесем екен-ә!? Осындайда сеніѕ аќылыѕ керек болып тўрєаны!... Кїйеуім ылєи бўрынєы әйелін еске алып әѕгімелеп отырады..?

– Сеніѕ баєыѕ бар екен! Біздікі ылєи болашаќ баќќўсын айтады да отырады...

 

* * *

Екі құрбы әѕгімелесіп отыр.

– Құдай-ау, қайдағы шалға тигенің не?

– Құрбым-ау, біреуден ақша алғанда оның қай жылы басылып шыққанын сұрамайсың ғой.

* * *

Бір әйел күйеуін дүкенге кәртөшкі алып келуге жұмсапты.

Содан күйеуі жолдан өте бергенде машина қағып өліп қалыпты.

Сосын үйіне полиция келіп: «Осылай да осылай, қайғылы жағдай орын алды, енді не істейміз?»  десе, әйел: «Білмеймін, вермишель қуыра салатын шығармын» депті...

* * *

– Құрбым, ана антұрғандар менің баламды екі жылға соттап жіберді!

– Балаңның жазығы жоқ па еді?

– Балам менің айтқандарымнан шықпаушы еді...

Не ұрласа да бәрі-бәрін үйге әкелетін...