Ауа райы • 10 Наурыз, 2021

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

1365 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Казгидромет еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. 11-12 наурызда кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 11 наурызда күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с,  12 наурызда кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 11-12 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел    солтүстік-батысқа ауысады 11 наурызда күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында 11 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20,  екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 11 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.                                             

11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскемен қаласында 11 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қаласында 11 наурызда жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с.

11 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында 11 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 12 наурызда Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман күтіледі. 13 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12-13 наурызда аралығында ауа температурасының 7-12, кей жерлерде 16 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз облыстың басым бөлігінде, 13-14 наурызда тәулік бойы кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда күндіз таулы аудандарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-21, кей жерлерде 6-11 градус жылыдан, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Шымкент қаласында: 13 наурызда тәулік бойы, 14 наурызда түнде қатты қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз, 13-14 наурызда тәулік бойы күші 15-20, екпіні 25 м/с. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 18-20 градус жылыдан 4-6 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Түркістан қаласында: 13 наурызда тәулік бойы қатты қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, 12 наурызда күндіз, 13-14 наурызда тәулік бойы күші 15-20, екпіні 25 м/с. 13 наурызда күндіз ауа температурасының 16-18 градус жылыдан 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

11 наурызда Түркістан облысының  кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

12 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде 12 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 11-13 наурыз аралығында ауаның температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус аяздан 22-27, кей жерлерде 30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.