Коронавирус • 12 Наурыз, 2021

Алексей Цой вакцинаның теріс әсері жайлы айтты

4348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцинаның кері әсері сирек кездеседі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой вакцинаның теріс әсері жайлы айтты

Оның айтуынша, вакцина алған адам 45 күн ішінде науқаспен байланыста болса екінші рет вакцина алғанға дейін қайтадан ауырып қалуы мүмкін.

«Вакцинаның теріс әсері өте сирек болады. Вакцина егілгендердің 1%-ында ғана теріс реакция болғанын анықтадық. Мұны кері әсер деп те айтуға келмейді, себебі ол вакцина егілген жердің ісіп кетуі сияқты сипатта болады және 1-2 күнде қалыпқа келеді», дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ минстр вакцина алғаннан кейін 2-3 күн өткенде науқаспен байланыста болып, ауырып қалған 3-4 жағдай кездескенін де атап өтті. 

- Ал вакцинаны екі рет алғаннан кейін ондай жағдайға тап болғандар кездескен жоқ, - дейді ол.