Пікір • 17 Наурыз, 2021

Ендігі мәселе – сапалы заң дайындау

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Конституциялық заңының 9-бабы – Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi деп аталады.

Ендігі мәселе – сапалы заң дайындау

Сол баптың 9-1 бөлігінде «заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді» деп көрсетілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңмен белгіленген осы өкілеттігін пайдаланып отыр және ол мүмкіндігін дер кезінде қолданды. Себебі жерге қа­тысты дәл осы мәселеге қоғам реак­циясы бұрқ-сарқ қайнап, енді болма­ғанда ернеуінен асып төгілуі әбден мүмкін еді.

Ендігі мәселе – Парламент тарапынан сапалы заңның дайындалуына қатысты болмақ. Ол үшін Президент өзі айтқан, қоғам өкілдерінен құрылатын комиссия құрамын дұрыс жасақтаған жөн.

 

Абзал ҚҰСПАН,

заңгер