Аймақтар • 22 Наурыз, 2021

Наурыз – рухани бірлік мерекесі

714 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – Қазақстан халқының рухани бірлігі мерекесі» атты іс-шара өткізді. 

Наурыз – рухани бірлік мерекесі

Жиынға ЕҰУ Л.Н. Гумилев К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к. М.К. Хабдулина, Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, т.ғ.д., профессор Б. Ғ.Аяған, Ақмола облысы мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдулин атындағы музейдің директоры К.Р.Мырзабек, Ақмола облысы Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әртістері қатысты.

Наурыз – бұл күн күнтізбесі бойынша жаңа жылдың алғашқы күні, ол көптеген түркі мәдениеттерінде 21 наурызда, көктемгі күн мен түннің теңесуі күні басталады. Наурызды тойлау дәстүрі ежелгі тарихқа ие, көптеген халықтар арасында сақталған және қазіргі жағдайда өзінің мәдени-тарихи маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін, қазір де қастерлі саналатын салт-дәстүрлерді жаңғыртатын халықтық мереке.

Қазақ халқының отбасы мен өскелең ұрпақтың тәрбиесімен байланысты салт-дәстүрлері – халық даналығы, философия, дүниетану, адамгершілік мұраттары мен дәстүрлі тұрмыс-салт біріктірілген оның тарихы мен мәдениетінің жарқын көріністерінің бірі. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы негізінде дамыды.

Наурыз мерекесінде баланың алғашқы қадамдарымен байланысты «Тұсаукесер» рәсімі өткізілді. «Тұсаукесер» рәсімін өткізу Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанға, ғалымға құрмет белгісі ретінде берілді, оның ізімен әдет-ғұрыпқа сәйкес бала жүруі тиіс.

Бүркітбай Ғелманұлы өз сөзінде Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі ежелгі тарихқа ие, көптеген түркі халықтарында сақталған, қазіргі жағдайда өзінің мәдени-тарихи маңыздылығын жоғалтпағанын атап өтті. Ғалым ұлттық киімдердің айырмашылығын қызықты факт деп санайды. Қола, сақ және түркі мәдениеті кезеңінен ата-бабаларымыздың киімдері ою-өрнектің байлығымен, көктемгі түстердің нәзіктігімен, мағыналық мазмұнымен ерекшеленген.

Хабдулина Марал Қалымжанқызы музей ұжымына Елбасы Н.Ә.Назарбаев және академиялық археологияның негізін қалаушы К.А. Ақышев бастамашы болған жобаны іске асырудағы нақты қадамдары үшін алғысын білдірді.

Құдайберді Рахымбекұлы Мырзабек бүгінгі күні өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар, қоғамды топтастыруға бағытталған Наурыз мейрамын мазмұнды өткізуге мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бурбаеваның айтуынша, «Бозоқ» жобасын іске асыру халқымыздың бай этнографиясын көрсету үшін зор мүмкіндіктерге ие. Жоба жетекшісі бұл жоба ғалымдарды, тарихшыларды, этнографтарды, өнертанушыларды, дизайнерлерді біріктіретінін атап өтті.

«Бозоқ» музей-қорығының директоры

Сәуле Бөкейханқызы