Елорда • 08 Сәуір, 2021

Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «ЖасНұр» кәсіпорынымен бірлесіп, Есіл өзенінің және оның салаларының жағалау аумағында қамыс шабу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды

Осы жылдың басынан бастап қамыс шабу күн сайын Есіл өзенінің және оның салаларының (Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері) жекелеген учаскелерінде орындалады. Осы кезеңде мына санитарлық учаскелерде ауданы 22 016 м2 болатын қол жетпейтін жерлерде қамыс және басқа да өсімдіктерді шабу жүргізілді:

- Ақбұлақ өзенінің ТЭЦ-2 аумағында, яғни теміржол және Әл-Фараби даңғылында;
- Сарыбұлақ өзенінің Конституция көшесіндегі көпірден Мұзтау және Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы тазарту ғимаратына дейін.

Бұл жұмыстың қажеттілігі су беті мен акваторияны артық өсімдіктерден тазартумен ғана байланысты емес, сонымен қатар алдағы дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар алдындағы дайындық жұмысы болып саналады.