Аймақтар • 11 Сәуір, 2021

Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 13:00 шамасында мақтааралдық тұрғынның үйінде құдалық тойын өткізіп жатқанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?

Тойға 70-ке жуық адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған.