Коронавирус • 08 Мамыр, 2021

Қазақстанның 7 өңірі «қызыл аймақта» тұр

1607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 7 өңірі «қызыл аймақта» тұр

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. ⠀

«Сары» аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары бар. «Жасыл» аймақта Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.